"Балдырғанға" арналған ғұмыр. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына - бір ғасыр

1467
Adyrna.kz Telegram
Фото: zhasorken.kz
Фото: zhasorken.kz
Бүгін - көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бала жанының бағбаны атанған Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген.
Ол алғашқы туындыларын 15 жасында жазған. Жемісті шығармашылық жолында Мұзафар Әлімбаев балалар жазушысы ретінде танылып, әдебиет әлемінде "бала жанының бағбаны" атанды.
Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы – "Қарағанды жырлары" болған. Ол 1958 жылы "Балдырған" журналының бас редакторы болып, бұл қызметте 30 жылға жуық істеді.  Мұзафар Әлімбаев әлем халықтарының жүздеген мақалын қазақ тіліне аударған жазушы. Ол тек аудармамен айналысып қана қоймай, оны ұлттың болмысына бейімдеп жеткізген.
Еске сала кетейік, 1992 жылы 11 желтоқсанда қабылданған алғашқы әнұран авторларының бірі Мұзафар Әлімбаев болған.
Пікірлер