30 миллиард ақша жымқырған. Дәулет Мұқаев 5 мың адамды алдап соққан әйелдің ісін жіті қарауды ұсынды

6862
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қаржылық пирамидалар мен интернет алаяқтарға алдандағандар жөнінде Бас Прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Кезекті Мәжіліс отырысында Дәулет Мұқаев 5 мың адамның 30 миллиард ақшасын жымқырған Айс Муратова (шын аты - Арайлым) есімді әйелдің ісін прокуратура жіті қарауын баса айтты. Сонша адамды алдап соққан одан бәрін күтуге болады дейді ол.

"Қытайдан арзан тауар әкелемін деп, елді сендірген Айс Муратоваға (Шын аты Арайлым) алданғандар саны 5000-нан асады. Айсқа сеніп, переводпен кеткен ақша көлемі 30 миллиардқа жетіп отыр. Ойлаңыздаршы, елде 10 мектеп салуға болатын ақша! Немесе орта есеппен 2000 пәтердің ақшасы!!! Мен тек чек жиналған 3-4 папканы көрсеттім. Бұндай 3 пакет бар!

Әділетті Қазақстан десек, тергеу жұмыстары әділетті жүру керек. Әрі бұл іс Бас прокурордың жіті бақылауында болу керек. Сол себепті де депутаттық сауал жолдадым. Себебі алданған қарапайым халық Айс жазасыз қала ма деп қорқады! 30 миллиард ақшаға судьяны да сатып алуы мүмкін!" деп атап өтті Дәулет Мұқаев.

Еске сала кетейік, ІІМ биылғы тоғыз айда елімізде 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелгенін хабарлады. Осы санаттағы 3 мыңға жуық қылмысты жасауға қатысы бар 596 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер