Енді грузиндер көтерілді

2840
Adyrna.kz Telegram

Грузия астанасы Тбилисидегі орталық сайлау комиссиясы ғимараты алдында наразылық шарасы өтті, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оппозиционерлер қайтадан парламент сайлауын өткізуді талап етіп жатыр. Сондай-ақ, олардың орталық сайлау комиссиясының басшысы отставкаға кетуін талап етіп жатқаны айтылады.

Мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналып, орталық сайлау комиссиясының ғимаратына басып кірмек болған.

Айта кетейік, Грузиядағы парламент сайлауы 31 қазанда өткен болатын. Сайлау комиссиясының мәліметінше, "Грузинская мечта" партиясы жеңіске жеткен.

Пікірлер