МҰРТАЗА ЖҮНІСҰЛЫ: Шабуыл көбейіп барады

2971
Adyrna.kz Telegram

Бұрын Жириновский ғана еді шаңқылдап, оттай беретін, ішіндегі іріңді құса беретін. Ал соңғы жылдары Ресейдің танымал тұлғаларының, басқасын айтпағанда, өзіміздің Қазақстанның тұтастығына, қазақ ұлтының тарихына қатысты бейауыз сөздері, арандатушы пиғылдағы жаңсақ сөйлемдері, шабуылдары көбейіп кетті. Ресейдегі кейбір саясаттанушылар мен журналисттердің бұл әрекетін рейтинг көтеру, қайсыбір тапсырманы орындау, белгілі бір мақсаттарға жету үшін жасалған десек те, жоғары лауазымды адамдардың, депутаттар мен министрлердің тб әрекетіне не дейміз?!? Бұлар мемлекеттің уәкілдері ғой, ресми адамдар ғой! Бұлардың аузынан шыққан сөз белгілі мөлшерде сол елдің сөзі іспетті, сондықтан бұған бейжай қарауға болмайды. Бұл, бір жағынан, соңғы отыз жылда Жириновскийге салмақты жауап берілмеуінің салдары!

Ресей мен арамызда қаншама келісімшарт бар, көршілік құқық бар, қатынастарымыз өте көп, байланыстарымыз басқа ешбір елмен болмағандай биік дәрежеде. Ресми адамдар осының бәрін ескеріп, саяси этиканы сақтап сөйлеуі тиіс!

Менің ойымша осы шабуылдарға дереу тоқтау салынуы тиіс. Ол үшін Президент Қ.К. Тоқаев пен Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті В.В. Путинмен тікелей сөйлесіп, ресми хат жолдап, тоқтатуы тиіс, басқаша түбегейлі шешу мүмкін емес деп ойлаймын. Әншейінде ауыздыға сөз бермейтін біздің депутаттар мен саясаттанушылардың қолынан келмейтін нәрсе бұл...

Пікірлер