"БЖЗҚ өтірік ақпарат таратты" дейді заңгер

3065
Adyrna.kz Telegram

Белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының үстінен сотқа шағым түсірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы заңгердің әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап.

«Мен БЖЗҚ-ға талап арыз бердім, өйткені ол біздің ақшамыздың 2019 жылғы сапасыз аудиторлық есебін қабылдады. Аудитті Делойт жүргізді.

2 ақпанда ватсапта өткен алғашқы сот отырысы болды. БЖЗҚ сотта болған жоқ. Мен бұл туралы пост жаздым. Ал кеше БЖЗҚ БАҚ-қа осындай хабарлама жариялады

*** Сот белгілеген уақытта Қордың өкілдері online-режимде байланыста болды. Алайда, қорға байланысты емес техникалық себептер бойынша қор өкілдері сот отырысына қосылмаған, бұл туралы процеске қатысушылардың барлығы хабардар болған.***

Бұл таза өтірік! БЖЗҚ байланыста болған жоқ! Әрине, техникалық себептер болған жоқ.

БЖЗҚ-ны қосу мүмкін болмады және ешкімді хабардар етпеді. Мен азаматтық іс чатының сканерін көрсете аламын. Чатта мен және сот болғанын көруге болады! БЖЗҚ чатта болған жоқ.

Отырыста судья менен БЖЗҚ-ның ұялы телефон нөмірін сұрады. Демек, сот БЖЗҚ нөмірін білмеді, сондықтан БЖЗҚ чатқа қосыла алмады және ол жазғандай желіде байланыста бола алмады.

БЖЗҚ ақпан айының процесі туралы білгенін жазады, содан кейін ол судья хатшысымен байланысып, өзінің ватсап нөмірін хабарлауға міндетті болды және хатшы БЖЗҚ-ны соттың чатына енгізді. Міне, осындай өтірікшілерге біз өз зейнетақымызды сеніп тапсырдық!» жеп жазды заңгер. Сонымен қатар ол өзінің осы сот процесінде жеңіске жетеріне де бек сенімді.

Пікірлер