Қалыбекова Орынкүл - мәдениет саласының үздігі!

1770
Adyrna.kz Telegram

Әртістік өнер – адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ жасау өнері. Осынау өнерді бойына сіңіріп, сахна саңлағына айналған Орынкүл Қалыбекова жайлы айтатын боламыз. Театр саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, көптеген қойылымдарда өзіне жүктелген кейіпкерді жоғары деңгейде сомдап келе жатқан, әзіл-сықақ және сатира театрының беделді актрисасы.

Ең алғаш қызмет жолын 1985 жылы Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы қазақ сазды драма театрында актрисалық қызметтен бастап, 2007 жылы қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында жұмысын жалғастырып, 2008 жылдан бастап әзіл-сықақ және сатира театрында қызметін жалғастырған.

36 жылын сахнаға арнап, қиыны мен қызығы қатар жүрер әртістік өнердің туын желбіреткен Орынкүл Қалыбекқызы түрлі образдарымен көрермен ықыласына бөленіп келеді. Атап айтсақ: Н.Кадиров «Кәрілігімді сағындым» - көрші Сұлушаш, Қ.Жүнісов «Ғашықтар хикаясы» ақымақ Балгер, У.Абдраимов «Ұстазым менің» мұғалім, О.Қожамбердиев, С.Тұрсынбекұлы «Барон» дәрігер, Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» директор, Ж.Аймауытов «Сылаң қыз» Айжан, И.Содыков «Әпендінің бес қатыны» бәйбіше, М.Әуезов «Айман-Шолпан» Теңге, Е.Хушвахтов «Қызыл алма» Күләш, Б.Жакиев «Әке тағдыры» Ене рөлін сомдаған. Әлі талай қойылымдардың шырайын келтірері сөзсіз.

Қажырлы еңбегінің арқасында 2015 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Облысқа еңбегі сіңгені үшін» медалінің иегері атанды.

Сахна шебері Орынкүл Қалыбекова бүгінде Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры сахнасында өнер көрсетіп жүр. Әсерлі қойылымдарды тамашалағыңыз келсе @Satirateatr инстаграм парақшасын назарда ұстаңыздар. Қойылымдар жарнамасын көруге болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер