Ән жетекшісі әр сабағын Абай Құнанбайұлының өлеңімен бастайды

4107
Adyrna.kz Telegram

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой – салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Абай Құнанбайұлы

Бүгін әр сабағын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңімен бастайтын ұлағатты ұстаз, білікті маман, көп балалы ана, сүйікті әже, аяулы жар «Айгерім» балабақшасының ән жетекшісі - Айнакүл Мустаева туралы айтатын боламыз.

Әр адамның бойына біткен ерекше таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай бұралып би-билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту, кез келген жанға бұйыра бермейді. Бар мейірімін балаларға арнап, балабақша ұжымында көп жылдардан бері еңбек етіп жүрген ұстаз Айнакүл Оралқызы өз ісінің шебері.

Ол өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, ой- өрісінің жаңаша негізде заманауи әндерді, билерді балаларға үйрете отырып әр баланың жүрегіне жол таба білген педагогтың бірі. Мерекелік іс –шаралар мен ертеңгіліктерді ұйымдастырып, қуыршақ театрын сахналап, балаларға қуанышты көңіл- күй сыйлап, ата –аналардың ризашылына бөленген жан.

Еңбек жолында көптеген алғыс хаттар мен мадақтама марапаттарға ие болған. 2019 жылы Астана қаласынан «ХХI ғасырдағы ғылым және білім» атты II Халықаралық байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар, «Ата баба дәстүрі - Ұрпаққа аманат. Әже –ұлт ұйытқысы» байқауына қатысып, алғыс хат алған. 2019 жыл «Өрлеу» мадақтамасымен марапатталған. Еңбек өтілі 27-жыл, жоғары санатты педагог.

Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға–деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай, ұстаздық - ол ең қажетті әрі сауабы мол мамандық, А.Мустаева сол мамандықтың иесі .

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер