Атырауда мұқтаж жандарға 72 пәтер берілді

1358
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Атырауда "Береке" ықшамауданындағы 72 пәтерден тұратын №42 үй пайдалануға берілді.

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша “Каспийское кадровое ассоциация мекемесі” салған баспана бұл жолы үш әлеуметтік санат бойынша берілуде.

Тұрғын үйлер 27 көпбалалы, 28 аз қамтылған отбасы мен 17 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесіне тиіп отыр. Бір және екі бөлмелі пәтерлердің іші кең.

Айта кету керек, бұл үй сатып алу құқынсыз берілгендіктен, ай сайын мемлекетке жалдау ақысы төленеді.

Пікірлер