Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлаймын. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақытты оқшаулануда өткіздім, осы мерзім ішінде Қытайдағы командаммен іске асыратын көптеген жоспар құрып қойдым, - деп жазды әнші.
Димаш сондай-ақ егер карантинге байланысты тыйым болмаса әлемнің барлық еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық түсірілімдерге қатысатынын айтты.
- Иә, әлемдегі карантин менің жоспарларыма әсер етті. Бірақ осы сәттен бастап сіздерді шығармашылығыммен одан да көбірек қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін!, - деді Д.Құдайбергенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) көш бастап тұр. Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталмақ.
"Адырна" ұлттық порталы