Қазақстанның миллионыншы тұрғындары

2119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sәbi-saudasy-960x500.jpeg?token=81e5c8337705ac19b220057f5e96e98c
*20 миллионшы тұрғын. Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. 3 ұл және 2 қыз! (Ruslan Zheldibay парақшасынан) *19 миллионыншы тұрғын. Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылынан. 19 миллионыншы тұрғын Жания Азаматқызы 2021 жылдың 20 шілдесінде түнгі сағат 2-де Алматыдағы перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан. Ол – шаңырақтағы төртінші қыз. *18 миллионыншы қазақ. 2017 жылдың шілдесінде Талдықорған қалалық перинаталдық орталығында дүниеге келген. 18 миллионыншы қазақтың есімі – Мүслима. Ол 11 мамыр күні кешкі сағат 20:15 жарық дүние есігін ашқан. Сәбидің салмағы – 3 келі 300 грамм, бойы – 51 см. *17-миллионыншы тұрғын. 2013 жылдың 16 мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам аудандық АХАТ органында туу туралы куәлік берілген. Сәбидің есім -сойы -Алтынбек Есқараұлы. Салмағы – 3670 грамм, бойы 53 сантиметр. *16 миллионыншы қазақ. 2004 жылы Өскенбевтар отбасында егіз бала дүниеге келді. Бірінің аты – Перизат, екіншісінің есімі – Бекзат. Бір қызығы, Перизат 15 999 999 нөмірімен жарық дү¬ниенің есігін ашқан. Мамандар екінші егіз Бекзаттың Қазақстанның 16 миллион¬ыншы тұрғыны екенін анықтаған. Аягөз қаласында тұратын Өскенбаевтар отбасының бұл алтыншы баласы. Аягөз аудандық әкімшілігі Өскенбаевтар отбасының алты баласына да бірден алты телевизорды сыйға тартқан. *Алматының миллионыншы тұрғыны – Бауыржан Қадірсізов. 1981 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген. Оны аты аңызға айналған батырымыз батыр Бауыржан Момышұлы арнайы кіріп құттықтаған. Бір бөлмелі пәтер. *Алматының екі миллионыншы тұрғыны – Аяла Жамбыл. Ол – көпбалалы отбасындағы алтыншы сәби. *Астананың миллионыншы тұрғыны 2016 жылы 4 шілдеде дүние есігін ашты. Салмағы -3150 грамм, ал бойы 52 сантиметр. Екі бөлмелі пәтер. *Шымкенттің миллионыншы тұрғынының есімі – Айсұлу Еламан. Екі бөлмелі пәтер. ... Ұлттың саны да, сапасы да артсын!  

Берік Бейсенұлы

       
Пікірлер