Он бірінші қаламұш
27.06.2024
Он бірінші қаламұш
Биік парасат иесі
Ұлттық журналистика майданында сайдың тасындай, адамгершіктің туын ұстаған кіл мықты журналистерді дайындап беріп отырған ұстаз, көсемсөз шебері – қазақтың маңдайына біткен бақпен тең. Ұстаздың қандай болу керегін сөзі мен ісімен үлгі-өнеге ретінде көрсетіп келе жатқан Кәкен Қамзиннің тұлғасы биік. «Өзімнің дәрістерімдешәкірттеріме ылғи «адал болыңдар, ақ болыңдар, біреудің ала жібін аттамаңдар, тура биде туған жоқ, міне, принцип осындай болуы ке..
17.10.2022
Он бірінші қаламұш
Әкеге ұқсап… қыз да өсер
«Әкеге ұқсап ұл өсер, шешеге ұқсап қыз өсер» деген ықылым заманнан келе жатқан жаттанды қағида бар. Бірақ, керісінше, шешеге тартқан ұлдар да, әкеге тартқан қыздар да аз емес. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – сондай жанның бірі... * * * Алдымен әкені әспеттейік. Қызды сосын.. Көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев бір естелігінде Әдебиет және өнер институтының жап-жас директорының кескін-келбетін керемет кейіптейді. «Мынау әсем де кең кабинет сән-салтанаты ..
09.10.2022
Он бірінші қаламұш
Шыт көйлек
Біздің ауылда, ауыл болғанда кәдімгі Қаратереңде менің Зейнеш деген қу тілді ағам айтқыштығымен белгілі-тін. Бірге оқыған Әділ деген досы Жібек деген қызға үйленгенде сол ағамның: «Біз мектеп бітіре сала «шытқа» ұрынып едік, сен жүріп-жүріп, ақыры «жібегін» алдың ғой», – дегені бар еді. Бүгінгі әңгімеміз де осы шыттың төңірегінен ұзамайды... Жалпы, шыт көйлекті өлеңіне қосқан қазақтың екі мықты ақынын білеміз. Олар – Жұмекен Нәжімеденов пен Абзал..
28.06.2022
Он бірінші қаламұш
Алғыр алпыс
Сонау студент кезімізде ғана жолымыз тоғысқандықтан, бүгінгі белгілі тілші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің қандай бала болғанын білмейміз. Бірақ қазіргі тау қопаратын, егер қопаратын тау табыла қоймаса, алдынан шыққан кез-келген төбені аударып тастайтын бөлек болмысына қарап, шамамен оның балалық шағындағы қимыл-қарекетін жобалау онша қиынға түсе қоймас. Біздіңше, ол ж..
28.06.2022
Он бірінші қаламұш
Жалғыз тал жауқазын
Бұл сюжетке бергісіз сырлы суретті қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев жетпісінші жылдарда түсіріпті. Елді елең еткізген шұбартаулықтардың әйгілі бастамасының төрткүл дүниені түгел жайлап тұрған кезі. Мектеп бітірушілер жаппай ауылда қалып, комсомол-жастар бригадасын құрып, шетінен қой бағуға аттанып жатты. Тегінде, кеңес дәуіріндегі бастаманың біразы осылай дүрілдеп басталатын да, көп ұзамай аяғы сұйыла беретін. Әдепкіде еңбекті екпіндетіп әк..
28.06.2022
Жаңалықтар
Жайлауда жайқалған жауқазын
Кеше ғана қызылордалық фототілші Болат Омарәлиевтің сюжетке бергісіз бір суретінің жайын қозғап, «Жалғыз тал жауқазын» деген мақала жазғанбыз. Шынымызды айтсақ, суреттің тарихынан гөрі, фототілшінің шеберлігін таныту басты мақсатымыз еді. Жетпісінші жылдардағы бірбеткей бойжеткеннің болмыс-бітімін бір кадрға сыйғызған Болат ағаның қарым-қабілетіне сүйсінгеніміз рас-ты. Белгісіз ару... Дерегі жоқ... Бейнесі ғана бар... Содан бүкіл Сыр бойының жұрт..
28.06.2022
Он бірінші қаламұш
Жауқазынмен жүздесу
Алдымен "Жалғыз тал жауқазын", содан соң "Жайлауда жайқалған жауқазын" деген екі мақала жаздық. Алғашқысында осыдан қырық төрт жыл бұрын қызылордалық талантты фототілші Болат Омарәлиев түсірген әсерлі суреттегі сәйгүлік мінген сұлуға іздеу салдық. Екіншісінде атқа мінген арудың Қызылорданың іргесінен табылғанын айттық. Біздің өтінішіміз бойынша "Сыр бойы" газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев пен фототілші Нұрболат Нұржаубай арнайы барып әңг..
Тағы жүктеу