Проза
11.06.2021
Әдебиет
Ол кез заманның бір кең, бейбіт кезі екен. Тау халқы өз-өзімен еркін өмір сүретін. Көктем, күз айларында Күректі мен Белқайың, Ботамойын асуыларын бойлап, түйелі көштер өтетін. Күзгі кеште, бейуақ қараңғылығы үйірілген тұста Дәлей Тұмсықты айнала қонған малды ауылдың жылқылары шұрқырап жататын. Кеш қараңғылығымен бірге тау жақтан ескен самалдан түйелердің қоңыр иісі мұрынды қытықтайтын. Боталардың соза боздаған қоңыр үні құлаққа мұңды сарын әкеле..
16.05.2021
Әдебиет
Мен оқуға түсетін жылы Серілік тауы баурайындағы Бәйже басын жалғыз үй жайладық. Көктемнің көкжылым мұнары тұнған сай-саладан көкарша мен тобылғы иісі мұрын жаратын. Бозжусаны бұрқыраған «Көбеш батыр моласы» дөңіндегі жұртымыз ескіріп кетті. Көшер алдында: «Ескі жұрт маңы тұяқкесті болып, көген құрар жер алыстап кетті. Биыл жұрт жаңалаймыз» деген әжемнің уәжі бойынша Бәйженің тіремесіне қондық.
Атамның көші-қон ісімен ежелден шаруасы жоқ, жылдағ..
09.05.2021
Әдебиет
Өр Алтай бетіндегі менің туған ауылым Шәкүртіде тұтанып, Үш аймақ көлемін шарпып, қытай коммунистерін қынадай қырған осынау Ұлт азаттық көтерілісінің тірі куәгерлерін көзімізбен көріп, не бір хикаяларын тыңдап өстік.
Алғаш Есімхан, Елісхандар бастаған бұлғақтың туын көтерісіп, қазақ қосындарының бас қолбасшысы болған аталарым Сүлеймен мерген мен ұлы атам Шәукейдің (лақап аты «Сұрмерген») қасында жүріп, талай майданда қан кешкен атақты мергендер м..
07.09.2020
Әдебиет
Қытайдың Шинжияң өңірін мекендейтін қазақтардың ұзақ та күрделі тарихы, бай мәдениеті мен әдебиеті тұтас қазақ руханиятының бөлінбес бір бөлшегі екені айдан анық. Ол жақта ғасырлар бойы жасалған бай қазынаны ұлттық мәдениетімізге қосу – басты міндеттеріміздің бірі болмақ. Осыған орай, adyrna.kz ұлттық порталы да игілікті істер жолында өз үлесін қоспақ.
Атажұрттан жырақта жүрген көптеген жазушылардың денін кейінгі толқынның түстеп тани бермейтіні..
02.05.2020
Проза
(Әңгіме)
– Сен ертең кететін болдың ба?
– Иа. Ертең түс қайта жолға шығам, – деп ол ортайған кеселерге ернеулете сыра құйып, босаған баклажканы ыбырсып жатқан босаға жаққа лақтыра салды. – Қыста пойызбен жүрген дұрыс.
– Берік, сен де жоқ нәрсеге сенеді екенсің. Мынауыңның дауысын басшы, миды жеп қойды. Болмаса өшірші қаңқылдатпай. Тоқта! Автобус өртенді дей ме? – деп серігі орнынан тұра берген Беріктің жеңінен ұстай алды.
Екеуі қуықтай бөлменің ..
08.04.2020
Әдебиет
Құрметті достарым! Құдай қаласа карантин де аяқталып, өмір өз арнасына түсе бастайтын шығар. Көңілдеріңді мына жаман індеттен басқа жаққа аудару үшін «Флобердің серті мен дерті» атты көлемді дүниемнің тағы бір үзігін сіздердің назарларыңызға ұсынғым келіп отыр. Толық нұсқасы нүктесін қойылғаннан кейін республикалық басылымдардың бірінде жарық көретін болады.
ФЛОБЕР МЕН ЛУИЗА
Дүниеде әйелден әдемі әлемнің жоқ екені қандай рас болса, одан құдіретті..
06.04.2020
Әдебиет
(әңгіме)
Менің көпке дейін ұйқым келмеді. Кештетіп басталған жауын əлі тыйылған жоқ. Сабалап құйып тұр. Терезе дəл тұсымда еді. Елеңдетіп ұйықтатар емес.
Үйдің іші тастай қараңғы. Шіркін, ұйқы деп біздің көкемнің ұйқысын айт. Ертедегі алыптарша ұйықтайды. Көзін жұмса-ақ күркіреп қорылға басады.
Қазір де үйінің ішін басына көтеріп жатыр. Сықырлауық кереуеттің о шетіне бір, бұ шетіне бір аунаймын. Оразбай əлі жоқ. Оны ойласам, жыным келеді. «Осы жа..
Тағы жүктеу
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз