«Тегімді өзгертпеймін»: Мақпал Жүнісова ел алдына шығып, жағдайды түсіндірді

13273
Adyrna.kz Telegram

Мақпал Жүнісова Алматы қаласында өткен концертінде қызы Мерей туралы ақиқатты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шындықты мен айтпасам, кім айтады? Ешқандай нәрсе ұрттап айтқан жоқпын. Менің қызымды 17 жылдан кейін иеленіп, от салғысы келетіндер бар. Мерейді бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ баспай жатыр? Зәкең екеуміздің екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін ол туған бауырымның баласын сұрады, өз тегін берді. Менің анам Зәкеңе «әрі кет» деп айта алмады. Кейін қыз 18-ге келгенде шындықты айтамын деген. Бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Мерей туған бауырларын білсін деген ниетпен ақиқатты айттым. Кінәламаңыздар!»– деді ол.

Халық әртісі қызының алдына келіп, кешірім сұрағанын атап өтті.

«Мерей мені қайда кетеді дейсіз, бірақ әкемнің тегін өзгертпеймін деп алдыма келді»,– деп айтты әнші.

Пікірлер