«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілмек, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ, мерекелер тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:
28 қаңтар — Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні;
15 ақпан — Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.