Шымкентте оқу процесіне дайындық пысықталды

1446
Adyrna.kz Telegram

Бүгiн Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов

Инновациялық-технологиялық колледждiң алдағы оқу процесiне дайындығын бағамдады. Бүгінде 600 орынға арналған оқу орнында 85 оқытушы еңбек етуде.

Бiлiм басқармасының мәлiметiнше, алдағы дүйсенбiден бастап, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, ал өндірістік практикалар -- икемді кесте бойынша штаттық режимде жүргізіледі.

Мемлекет басшысы кадрлар даярлауда техникалық мамандықтарға басымдық беруді тапсырған болатын.
Қала әкімі арнайы орта оқу орнының заманауи материалдық-техникалық базасымен танысып, мұнай-газ, химия өнеркәсібі зертханасы, электротехника, геология және геодезия, архитектура және құрылыс сынды техникалық бағыттағы кабинеттерді аралап көрді.
Колледж студенттерінiң түрлi кәсiби байқауларда жеткен жетicтiктерiмен танысты.

Шаhар басшысы карантиндік талаптарды сақтай отырып, оқу процесін ұтымды ұйымдастыру және болашақ техникалық кадрлардың біліктілігін заман талабына сай үнемi арттыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер