БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ауыл шаруашылығын дөңгелетемін деген шаруалардың жайын ойламайтын үкіметтің халыққа да керегі жоқ

2033
Adyrna.kz Telegram

Утильсбор мәселесі бойынша Қазақстанның автоиндустрия саласын басып алған лоббисттер 100 шақты адамды жұмыс тобына қосып, өздері бірдеңе істеп көрсеткендей болып отыр. Сол жүздеген адамның ішінде қоғамның пайдасы үшін жұмыс істеймін, халыққа бір пайдамды тигіземін деген санаулы ғана өздеріңізге белгілі жігіттер бар. Бұлар "Оператор РОП" ЖШС-нің тонын теріс қаратып кигізіп, оны "Жасыл даму" деген акционерлік қоғамға лақтырып, өздерінің бұрынғы адамдарын қызметке тартып отыр екен. Сонда не өзгерді?
Ештеңе де өзгерген жоқ. Кешегі халықтың қаны төгіліп, бұрқ еткенін ескермей отыр. Сіздерге айтайын, ау ылшаруашылық техникаларына қатысты утилизациялық алымды алып тастамай, ешқашан да ауыл шаруашылық саласын дамыта алмаймыз. Ауыл шаруашылық техникаларына қатысты утилизациялық алым 12 миллионнан да асып түседі. Сонда мынау үкімет не ойлап отыр. Ауыл шаруашылығы саласын дұрыс реформалап, қолға алса, мұнай мен газ секторынан да асып түсетін табысқа қол жеткізе аламыз. Орта және шағын кәсіптің 80 пайызынан астамы осы ауылшаруашылығы саласының еншісіне кіреді. Дүниедегі дамыған елдердің бәрінің ЖІӨ-нің 70-80 пайызын орта және шағын кәсіп құрайды. Мұнайдың дәуірін айқайлап жүріп, өзімізге үлес ала алмай өткізіп болдық. Енді біздің еңсемізді көтеріп, тұрмысымызды тұралатпайтын сала - осы ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты утилизациялық алым алынып тасталмаса, онда мынау үкіметтен де, Тоқаевтан да қайыр жоқ. Ауыл шаруашылығын дөңгелетемін деген шаруалардың жайын ойламайтын үкіметтің халыққа да керегі жоқ.
Сіздерге айтамын, ауыл шаруашылығы саласына қатысты техникалардан утилизациялық алымды алып тастаңыздар!
Кеше ғана қаны судай аққан Халықтың ашуымен ойнай бермеңіздер!

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер