Бүгіннен бастап Алматыдағы қақтығыс кезінде зардап шеккендерге өтемақы төленеді

2063
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматыда тәртіпсіздік кезінде мемлекеттік орган, ауруханалар мен БАҚ-тың 603 қызметкері зардап шеккен.

Оның ішінде, құқық қорғау органдарының – 592, Төтенше жағдайлар департаментінің – 1, жергілікті атқарушы органдардың – 3, «Алматы» телеарнасының  – 1, медициналық ұйымдардың 6 қызметкері бар. Барлығына өтемақы төленеді.

Ауыр жарақат алғандар – 2 млн теңге, орташа дәрежеде – 1 млн теңге, жеңіл жараланғандарға 500 мың теңге төленеді.

Сондай-ақ қалада төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген Полиция департаментінің – 3878, Төтенше жағдайлар департаментінің – 1207, Қоғамдық денсаулық басқармасының – 3888 және 93 құтқарушыға 100 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі.

Бүгіннен бастап төлемақыға тиісті құжаттар қазынаға жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер