Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» саммиті басталды

1724
Adyrna.kz Telegram

Қытай тарапының бастамасымен «Орталық Азия – Қытай» онлайн саммиті басталды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылған саммитке қатысты. Оқиға онлайн желіде өтіп жатыр.

Ел басшылары Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы түрлі салалардағы көп қырлы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайды деп күтілуде.

Шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылданады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер