Алғашқы Желтоқсан ұйымы қалай құрылды?

2273
Adyrna.kz Telegram

1986 жылғы 16 желтоқсан күні өткен Орталық партия комитетінің пленумы 18 минуттан аспаған еді. Сол күні кешке барлық ақпарат құралдары - Қазақ ССР-н ширек ғасыр басқарған Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Г.Колбин отырды- деп, барша әлемге жарыса жариялап, жазып жатты. Бұндай суық хабарды естіген намысты ұл-қыздар, жатақханаларда,талқылап жатты. Кейбіреулері сол кештің өзінде, алаңға барып жатты.

Үш күнге созылған көтерілістен кейін ұстау,қамау, белең алды. Алғашқы соттар 87 жылдың қаңтар айының орта кезінен басталған еді.
Біздердің жинаған арыз шағымдарымыз бойынша,21 томнан асатын материалдар жиналды. Сол,90 жылғы деректер бойынша 16 000 нан астам адамдар ұсталыпты. 8000 нан астамына әр түрлі деңгейдегі істер қозғалды. Алматы қаласы бойынша сотталған 99 көтерілісшілердің 82 әр түрлі жазаға кесіліп, айдауға кетті. 15 адам шартты (условно) түрде соталса-екі батырды өлім жазасына кесті. Олар, Қайрат Рысқұлбеков (марқұм), Мырзағұл Әбдіқұлов, Құдайға шүкір, тірі-70 ассада қоғамдық жұмыстармен айналысады.

Сол заманда санаулы ғана интеллигенция өкілдері батылдық көрсетті.1986- жылдың 19 желтоқсанында ғылым академиясының конференция залында,Разумовский,Соломенцов, Колбин, Назарбаев т.б.шенеуініктердің алдында, өзінің ойын батыл айтып, жастарды жазалауға қарсылық білдірген-Салық Зиманов академик ағамыз болды. Жаны жәннатта болсын! Сол айдың яғни желтоқсанның 25 күні Жоғарғы Кеңестің партия жиналысында жазушы, тарихшы ағамыз-Бейбіт Қойшыбаевта өзінің батыл ойын айтты. Сол үшін біраз қуғынға ұшырады. Ағамыздың ғұмыр жасы ұзақ болсын!

30 желтоқсанда жазушылар одағында болған Колбинмен кездесуде, ақиық ақын ағамыз-Жұбан Молдағалиев өзінің тарихи сөздерін айтқан еді. Жаны жәннатта болсын!
1987 жылдың мамыр айында өткен жазушылар одағының жиынында, белгілі жазушы ағамыз Сафуан Шаймерденов, Колбиннің көзіне шұқып тұрып, жалынды, сөздерін айтып еді. Жаны жәннатта болсын!
1989 жылдың сәуір айында, сыртқы істер министрі болған-Михаил Есенәлиев ағамыз, Желтоқсан оқиғасын қайта қарау керек деп, депутаттық сауал тастағаны үшін қызметінен алынды. Жаны жәннатта болсын!

1989 жылдың мамыр айында, киношы ағамыз, Қалдыбай Әбенов, өзінің Қазақ фильміндегі кабинетінде түрмеден келген бір топ желтоқсаншылардың басын құрап, алғашқы "Желтоқсан" ұйымын астыртын ашқан болатын. Алғашқы төрағасы Бақытбек Иманқожаев болды.
Арон Атабекте, алғашқы желтоқсаншылармен бірге болған еді.
Депутат Шахановтың сөйлеуі басқа әңгіме.

Сол жылдың күзінен бастап,"Желтоқсан" ұйымының жұмыстары жандана бастады. Билік тарапынан болған кедергілерге қарамастан - Желтоқсан көтерілісінің 3 жылдығына жылқы сойып,ас беріп, Құран бағыштады. Арон Атабектің"Жерұйық" ұйымымен "Желтоқсан" ұйымы бірлесіп, өткізіп еді. Сол жылдың қараша айында медициналық институтта Желтоқсан көтерілісіне байланысты,жиын өткізген соң, билік үркердей ғана желтоқсаншыларды амалсыз мойындай бастады. Қалдыбай Әбенов жазбаларында бұл тарихи оқиғалар нақты баяндалған. Кейін оларды да жариялаймыз!1990 жылдың қаңтарында яғни 13 жұлдызында,Сац мәдениет сарайында бірінші хатшы Назарбав қала жастарымен кездесті. Бұған мұрындық болғандар-Арон Атабек және "Желтоқсан" ұйымының жігіттері еді. Осы кездесуге дейін бұлар Назарбаев жолыққан болатын.

Сац мәдениет сарайында өткен жиыннан соң, билік амалсыз"Желтоқсан" ұйымын мойындай бастады. Ең алғашқы митингіміз ақпан айында өткен еді.
Көк базардан, бастап, плакаттар мен қазіргі Достық көшесін бойлап, жаяу жүріп,қала қазақтарын шақырдық! Көбі бізден қорқып, қашатын еді.
Қосылған адамдар да болды.

Екі айға созылған комиссиясының жұмысына арыз шағым жинап, талай мекеменің басшыларының көздерін бақырайтқан едік. Сондағы үзеңгілес достарымыз-Ерлан Декелбаев, Мейірхан Әбдіманапов, Ермұхан Қуандықов, Расул Құдайбергенов, Құрманбай Қалмұратов,Құттыбек Аймаханов, Өткірхан,Қадыр,Шәкім т.б. болды. Талай желтоқсаншыларға бардық арыз жазып беріңдерші деп. Өкінішке қарай бас тартқандары да болды.

Бізге яғни мемлекеттік комиссия мүшелеріне сан керек болды. Сол үшін жанталасып жүрдік. Аманжол Нәлібаев,Хасен Қожахмет және Шора Қарабаев ағаларымыздың айтқандары ол кезде заң болатын еді.
Аманжол Нәлібаев пен Ерлан Декелбаев желтоқсаншылар атынан комиссияға кіргізілді. Арыздардың бәрін Е. Декелбаевпен Нәлібаевқа өткізіп жүрдік. Ең шуақты, көңілді күндеріміз болатын.
Желтоқсанның мәселелері тек айқаймен шешіліп келеді.

90 жылдың мамыр айында аштыққа жатты. Түрмедегі желтоқсаншыларды босату мақсатында, оған да, қол жеткіздік!
1994 жылы тағыда аштыққа жатты, жігіттер. Көбінің денсаулықтары сыр беріп, жедел жәрдемге жүгінуге мәжбүр ыболды.
Қайтпайтын қайсар бөрі-Мейірхан Әбдіманапов 45 күн жатып, жеңіске жетті.
13-18 кило салмақ түсіріп еді.
Кейіннен денсаулық жағдайы болмай біразы дүниеден өтті.
Жандары жәннатта болсын!

Өкінішке,карай әлі саяси баға ала алмай келеді.
Заңгер Сабыр Қасымов ағамызда 30 жылдан бері алысып, қартайса да күресіп келеді. Алла қуат берсін!
Көмекшілері : Желтоқсан көтерілісінің басты ұйымдастырушысы деп танылған, Құрманғазы Айтмурзаев, Шоқай танушы, журналист, қоғам қайраткері Ақайдар Ысымұлы, кәсіпкер желтоқсаншы, заңгер Нұрлан Ескалиев және желтоқсаншы педагог Гүлжамал Байменова. Құдай куат берсін!
Қысқаша шолуымыз осы. Әлі бул тақырыпқа талай ораламыз!
П.С. Айтмурзаев пәтерін сатып, Желтоқсан көтерілісіне әлемдік статус алып берген еді.Ол басқа тақырыптың әңгімелесі.

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер