«РОП Операторының» басшысы Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды – дереккөз

3775
Adyrna.kz Telegram

«РОП Оператор» ЖШС төрағасы Медет Құмарғалиев Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ақпарат көзіне сілтеп. 

«Құмарғалиев уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірақ Пірімқұлов (Ахметжан, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – ескертпе) менің білуімше ол жерде жоқ», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚазТАГ редакциясының дереккөзі.

Бұған дейін интернетте Пірімқұловтың Құмарғалиевпен бірге Қазақстаннан шықпақ болған жерінде ұсталғаны туралы хабарлама пайда болған.

Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінде ЭҚМБ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Құмарғалиев 2019 жылдың қараша айынан бері «РОП Оператор» ЖШС-нің басшысы болды.

Еске салайық, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «РОП Оператор» ЖШС-ін утильсбор жинауды монополиялық құқығынан айыруды тапсырған болатын. Мұны шет елдердегідей мемлекеттік ұйым жасауы керектігін қадап айтты. Алымдардың өзіне келетін болсақ, мемлекет басшысының пікірінше, олардың мөлшерлемесін қайта қарау керек. Нәтижесінде құрылым қайта өңдеуді жүзеге асыру құқығынан айырылып, мемлекет бақылауына өтті. 19 қаңтарда «РОП Оператор» утильсбор алу құқығынан айырылды - бұл компания Әлия Назарбаевамен байланысты болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер