АҚШ-та қолшатырды жалға беру қызметі дамытылуда

2792
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та қолшатырды жалға беру қызметі тұрғындардың көңілінен шығуда деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kz"-ке сілтеме жасап.

Нью-Йорк тұрғындарының көңілінен шыққан бразилиялық стартап Еуропаны жаулауға дайындалып жатыр. Компания жаңбырдан қорғану үшін қолшатырды жалға берумен айналысады. Ол үшін ұялы телфоныңызға осындай қызмет көрсететін автоматты дүңгіршектерді көрсететін арнайы қосымша орнатсаңыз жеткілікті.

Алғашқы 24 сағат қолшатырды пайдалану тегін. Ал келесі күннен жалға алу құны 2 доллар. Стартап алғаш рет 2018 жылы Сан-Паулу қаласында жүзеге асырылған.

Алдағы 2 жылда Еуропаның 10 қаласында кәсібін дамытуды жоспарлап отыр.

–Біздің қолшатырларымыз қолданылған пластик шөлмектерді қайта өңдеуден кейінгі материалдан жасалған. Біз бұл арқылы мұхиттар мен теңіздерді пластик қоқыстардан тазартуға атсалысып жатқанымызды мақтан етеміз, — дейді Rentbrella компаниясының өкілі Ари Кривописк.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер