Шымкентте 84 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

2469
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында соңғы тәулікте КВИ-дің 154 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 98, белгілері жоқ – 56). 37 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 117 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 39%-ды құрайды, 539 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 344 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 44 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 399 адам вакцина алды
(I компонент- 173, II компонент- 226). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 160 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 813 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 36 716 адам, II компонентін 14 814 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 83 893 адам ревакцинацияланды.

Қалада 45 екпе егу бекеті жұмыс жасауда. Азаматтарды екпе қабылдап, қалыпты өмірге бірге оралуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер