Әлия Назарбаева пойызға сатылған әр билеттен пайда көрген

17901
Adyrna.kz Telegram

Назарбаевтың кіші қызы "Қазақтелекомның" әрбір электронды теміржол билеті мен қызметінен ақша табады. Бұл туралы orda.kz сайты жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлия Назарбаева «Қазақстан темір жолы» ҰК "АҚ пен "Қазақтелеком" АҚ-қа делдалдық қызмет көрсететін "Инстант Пейментс"ЖШС компаниясын құрған. Оның кәсіпорны пойыздарға билеттерді онлайн сату және ұлттық байланыс операторының төлемдерін қабылдау жүйелеріне қызмет көрсетумен айналысады.

Instant Payments ҚТЖ, Қазақтелеком және пойыз билеттерін жинақтаушы компаниялардан алатын өзінің тұрақты комиссиясын белгіледі. Қазір ол 44,8 теңгені құрап отыр. Бірақ ақпан айынан бастап Әлия Назарбаеваның ЖШС-ы оны 67 теңгеге дейін көтеруді жоспарлаған.

Айта кетейік, Instant Payments компаниясы 2011 жылы құрылды. Оның 2022 жылғы қаңтардағы құрылтайшылары – Әлия Назарбаева мен Диас Мадигожин.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер