Даниал Ахметов "ең нашар әкім" рейтингінде көш бастап тұр

3751
Adyrna.kz Telegram

Akimy.kz қосымшасын қолданушылардың айтуынша, ең нашар әкім Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов - 6190 адам «төмен қараған бармақ» деген баға берген, деп жазады "Адырна". 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әзірге көш бастап тұр - 2683 лайк. Бұл аптаның қорытындысы. Қазақстанда әкімдердің қызметін бағалауға арналған қосымша жақында ғана іске қосылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер