Мұрат Әйтенов жекеменшік мектептердің құрылысымен танысты

1856
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестордың қатысуымен салынып жатқан 575 орындық «Жас Дарын-3» және 300 орынға шақталған «Жас Дарын-4» мектебінің құрылысымен танысты. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін білім ұялары 3 және 4 қабатты.

Әкім аталған жекеменшік мектептерге білім басқармасымен бірлесе отырып білікті ұстаздар ұжымын жасақтауды және балалардың ыңғайлы білім алу үшін барлық талаптардың сақталуын қадағалауды айтты. Сонымен бірге құрылыстың сапасына және адам өмірінің қауіпсіздігіне бақылау қашан да назардан түспеу керектігін ескертті.

Бұл мектептерге де жан басына қаржыландыру арқылы мемлекет әр оқушы үшін қаржы төлейтін болады. Білім мекемелерінде сабақтан соң оқушылардың жеке қызығушылығы бойынша дамуына мүмкіндік беретін түрлі спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер жұмыс жасайтын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер