Әбілов Алматыдағы митингіде Назарбаевқа қатысты үш басты талап қойды

21568
Adyrna.kz Telegram

Белгілі саясаткер, бизнесмен Болат Әбілов Алматыдағы митингіде өзінің үш талабын алға тартты. Сондай-ақ ол бұл талаптарды оның серіктестері – Ораз Жандосов пен Төлеген Жүкеев қолдағанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Саясаткер және бизнесмен Болат Әбілов митингте Назарбаевқа қатысты үш басты талапты алға тартты:

  • Назарбаевтың байлығын халыққа қайтару;
  • Алматыдағы Назарбаев даңғылын "Қаңтар" даңғылы деп өзгерту;
  • және Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою.

Дәл қазір Алматыда митинг жалғасуда, онда "Қаңтар қасіреті" кезінде  қаза тапқандардың туыстары мен қоғам белсенділері, сондай-ақ азаматтық белсенділер де бар.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі саясаткер, бизнесмен Болат Әбілов қазақстандықтарды 9 ақпанда  Қаңды оқиғаға 40 күн толуына орай өтетін қаралы митингіге қатысуға шақырған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер