"Қаңтар қасіреті": Тараздағы шеру кезінде тұтанатын қоспа таратқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

3138
Adyrna.kz Telegram

Жамбылдық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратып жатқан азаматты ұстады,деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласының Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тоқтайды. Автокөлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып, жүксалғышқа салады. Бұл көліктің жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге  қатысушыларға таратты.

Автокөлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып, жүксалғышқа салады. Бұл көліктің жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге  қатысушыларға таратты.

Аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі (Терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер