Қаңтар оқиғасында Мәсімов жалғыз әрекет еткен жоқ - саясаткер

6554
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда қаңтар айында болған төңкеріс әрекетін ұйымдастырушылар күні бүгінге дейін аталмады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бүгінге дейін мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деген айыппен ұсталған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің арасында ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның екі орынбасары бар. Бірақ тергеу Мәсімовтің ісін құпияда қалдырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір бөлім басшылары ғимараттарды керісулерсіз тастап, қару-жарақ пен құпия құжаттарын да тастап кеткен.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев "31 арна" тілшілеріне тергеу істеріне қатысты түсініктеме бере отырып, Мәсімовтің қаңтар оқиғасындағы рөлі күні бүгінге дейін нақтыланбағанын атап өтті.

"Енді бұл жағдайда Кәрім Мәсімовтің кім болғанын түсіну маңызды. Немесе ол төңкеріс әрекетіне қатысушылардың бірі болды, бірақ кейін оның жалғыз әрекет етпегені белгілі болды - оның мұндай дүрбелеңді ұйымдастыруға әлеуеті жетпес еді. Немесе, көпшілік айтқандай, ол бұл жағдайды қандай да бір саяси мақсатта пайдаланды: ол өз бөлімшесіне оқиғаға араласпауды бұйырды немесе барлығы толық қарулануы керек жағдайда біртүрлі бейтараптық әрекет сақтап, тыныш кейіпте қалуға бұйрық берді», - деп баса айтты сарапшы.

Жалпы, бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша үш мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Оның 15-і – «Отанға опасыздық» және «Билікті басып алуға әрекеттену» баптары бойынша. ҰҚК-нің бұрынғы тергеушісі Жанділда Жақыповтың болжауынша, мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алу істері әлі де жалғасын табады деп болжайды.

«Әрине, олар мұнымен тоқтап қалмайды.Бұл менің субъективті пікірім, қателесуім де мүмкін. Бұл әдеттегіден тыс қылмыс, аса қауіпті қылмыс болғандықтан, бұл қылмыстар, әдетте, бір адамның бастамасымен ғана жасалмайды, екі емес, одан да көп. Тіпті «15 қылмыстық іс – көп нәрседен хабар береді. Тұтқындар көбейетініне сенемін» деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер