Орыс әскері — азып - тозып ашыққан, үсті жыртық мүсәпір, жалтақ бір тобыр сияқты - Олжас ӘБІЛ

4532
Adyrna.kz Telegram

Бұрын осы фейсбукте "Ресейде дұрыс әскер де жоқ, Ердоған соны пайдаланып оларды оп - оңай тегістеп кетіп жүр" деп ауызымды аша қалсам, сол посттың астына келіп ауызы көбіктеніп менімен дауласып коммент жазатын қазақтар қайда екен..

Соңғы оқиғалардан соң бүкіл әлем расында Ресейде дені дұрыс әскердің жоқ екендігін көріп соған көздері жетіп отыр.

Тұтқынға түсіп қалған орыс әскерлерінің дұрыс обмундированиесі де жоқ екен.

Азық - түлігі, формалары бір кезбелердің дүниесі тәрізді.

Қарап отырсаңыз, орыс әскері — азып - тозып ашыққан, үсті жыртық мүсәпір, жалтақ бір тобыр сияқты.

Қашанда қарны тойып тамақ ішпеген ашқұрсақ, аш - жалаңаш, ұрлыққа бейім, дедовщинадан арылмаған бір армиясымақ.

2008 жылы Ресей Оңтүстік Осетия - Грузияға басып кіргенде осы орыс әскері Грузия ауылдарын аямай тонап тіпті тазиктеріне шейін алып кеткенін күллі дүние көрді.
Енді міне украин қалаларының дүкендерін тонап жатыр.

Ал анау АҚШ сарбаздарының жағдайы хан - сұлтандардың жағдайы тәрізді. Салыстыра айтсақ олардың формасы, жатын орыны, тамағы, тамағына қосатын томаты, кетчупы, тіс щеткасы, түнде киетін түрсиі, күндіз киетін бөлек іш дамбалы орыс әскерінің түсіне де кіріп шықпайды.

Орыс танкілері де 80 жылғы ескі совет танкілері. БТР лері де сондай. Техникасы да тап сондай.
ПЗРК, БУК дегендері украиндардың санаулы Байрактарының астында қирай жанып лапылдап жатыр.

Бұдан соң "Ресей соғыста НАТО ны да жеңеді" деген әңгіме айту таза ұят.

Ана Украинада дені дұрыс авиация да жоқ. ПВО да жоқ. Соған қарамастан орыс авиациясының шығыны украин стингерлерінен артылмай жатқан сияқты. Қирай жеңіліп жатыр.

Ал Ресейге қарсы мұздай қаруланған, спутникпен жұмыс істейтін, үздік авиациаға ие, артиллерияға ие 21 ғасырдың озық әскері НАТО келсе не болады?

Ресейдің совет заманынан бері соғыс тәсілі де өзгермеген екен.

Ескі танкі, БТР лерін алға салып әскерін алға айдай береді.

Ол әскері жер жағдайы, бағыт бағдары белгісіз бөтен елде 21 ғасырдың озық қарулары - Жавелин, NLAW, украиндық Стугна, Корсарларына оңай жем боп жатыр.

Яғни, әскері біліксіз генералдарының шала жоспарымен тура қасапханаға айдалып жатыр десе де болады.

Содан әскер шығыны көп.

Ресейде "Путин 20 жылда Ресей әскерін керемет жетістіктерге жеткізді" деген сөз бар. Сол сөздің нағыз далбаса әңгіме екендігін бүтін әлем қазір көріп отыр.

Баяғыда Осман империясы да әскері тозығы жеткен соң күйреген болатын.
Сол тұста Батыстың заманауи әскері келіп оларды қалпақпен ұрып алғандай болған.
Қазіргі Ресей әскері де өшіп бара жатқан империяның әскеріне ұқсап тұр.

Олжас ӘБІЛ

Пікірлер