Қазақстан Ресей порттарынан кетті

2236
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ресейде  қалған жүктерді Латвия теңіз порттарына қайта бағыттайды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Латвия порттарының қатысуымен жүк тасымалдау мәселесі бойынша бейнеконференция режимінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында Антверпен, Гамбург, Пиреней, Роттердам және Мугга транзиттік порттарының Ресей порттарынан қазақстандық жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын қиындықтар туралы мәселе талқыланды.

«Қазақстан тарапы Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның теңіз порттарынан Рига, Венштпилс және Лиепая порттарына қайта бағыттайды», - деп хабарлады министрлік кездесуден кейін.

Латвия тарапы Латвия порттарының қуаттылығы мен өткізу қабілетін қамтамасыз етіп, қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі бірқатар теңіз порттарында Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты Ресей арқылы ЕО елдерінің нарықтарына транзитпен өту кезінде кешігу фактілері орын алғанын хабарлаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер