"Қыртпашы": Арман Шораев Айдос Сарымның аузын жапты (ВИДЕО)

9674
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев пен  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Ерболат Мұхамеджанның Youtube арнасына сұхбат берді. Қызу талқы барысында екі жақ сөзге келіп, арты жанжалға ұласты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

– Біздің офицерлеріміздің жартысынан көбі – Ресейдің әскери училищелерін бітіргендер. Тоқсан пайызы ана тілін де білмейді. Олардың бәрі – мақтабастар. Олардың президенті Тоқаев та, Назарбаев та емес, Путин, – деді Арман Шораев.

Осы тұста Айдос Сарым Шораевтың әр сөзін «Өтірік, өтірік» деп, айтқанын жоққа шығаруға тырысты.

Арман Шораев болса: «Сен өзің әскерде болдың ба?» деп сұрақ қойды. Айдос Сарым «жоқ, мен болған жоқпын» деп жауап бергенде Арман Шораев оған:

– Ей, онда қыртпашы! Қазақша айтқанда, қыртпашы! – деп жауап қатты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер