Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылып отыр?

3301
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі қамауға алынды. 18 наурызда оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, ол қазірдің өзінде тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ханымға екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылуда, олардың екеуі де Баян Есентаеваның (Мақсатқызы) қазіргі күйенуіне қатысты.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Тұрсен Алагузов «Galanz Bottlers» акционерлік қоғамындағы 43,5 пайыздық үлесін қайта жазуға мәжбүр болғанын көрсеткен арыз берген. Өтініш беруші акцияның бұл көлемін 35 млрд теңгеге бағалаған.

Сонымен қатар, өтініш беруші Maxi Bottlers ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Макишеваның айтуынша, ерлі-зайыпты Сатыбалдылар әулеті одан құны 400 миллион теңгеден асатын кәсіпорынды тартып алған.

Іс 249-баптың 2-бөлімі – «Елеулі зиян келтіруге алып келген рейдерлік» бойынша тергелуде. Бұл бөлімге сәйкес мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айырылады.  Қайрат пен Гүлмира да күдікті деп танылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер