Рымбаева өзімен бірге "селфиге" түскісі келген жанкүйерін итеріп жіберді (ВИДЕО)

10612
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концертте өзімен бірге "селфиге" түскісі келген жанкүйерін итеріп жіберіп, тағы да сынның астында қалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ғаламторда өнер иесінің оғаш әрекеті бейнеленген видеоролик тез тарап, желіде қызу талқыға түсті.

Видеороликте өнер иесімен селфиге түскісі келген жанкүйерінің сахнаға жүгіріп шыққанын көруге болады, алайда Роза Рымбаева оның бұл әрекетіне ашуланып, оны кеудесінен итеріп жібереді.

Бұл бейнежазбаны көрген жұрт ашуға булығып, әншінінің бұл әрекетін жақтырмай, сынның астына алды.

 "Халықтың арқасында Роза болып отыр, бұл қылығы дұрыс емес!", "Кеудесінен итеріп дұрыс болмады", "Роза негізі тәкаппар, өркөкірек адам", "Ой өзінше болған әнші сымақтар", "Дымы кетпиді түсе салса", "Өр көкірек шеттерінен осы халықтың арқасында көтеріліп отырғандары естеріңде жоқ", "Роза апайдың менсінбеушілігі басым ғой", "Роза апай негізі қатты өзгеріп кеткен, тәкаппар мінез көп танытады, бұрынғы қарапайымдылық жоқ, қартайған ба???", "Халық тыңдамаса кім тыңдайды екен, осы жағдайлары халықтың арқасында екенін түсініп, суретке түсе салуға болады ғой, итеріп ұятқа қалдырғанша", - деп кері пікір білдірді желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер