Нұр-Сұлтанда қатты боран салдарынан бір күнде 123 жол апаты болды

3106
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 123 жол апаты болды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне мәлімдеді, деп хаьарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қала сыртына ұзақ сапарлардан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз. Мүмкіндігінше, баламалы көлік түрін пайдаланыңыз. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыттағы қозғалыс жабылды", - делінген хабарламада.

Елордада таңертеңнен бері 123 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер азаматтардан ауа райының нашарлауына байланысты баратын бағытын алдын ала жоспарлап, кенет басқа жолаққа ауыспауды және тежегішті кенет баспауды, қала сыртына сапардан бас тартуға, сондай-ақ патрульдік полицияның талаптарын орындауды сұрады.

"Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджетке үңілмей, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Қолайсыз ауа райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының полициясы.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер