Ресей интернетсіз қалуы мүмкін, 95 пайыз Ресейге тәуелді Қазақстанның жағдайы не болмақ?

5518
Adyrna.kz Telegram

Батыстың әлеуметтік желілері мен тәуелсіз БАҚ-ты бұғаттап отырған Ресей жаһандық интернеттен мүлдем бас тарта ала ма? Бұл жағдайда Ресей арқылы желіге қосылған Қазақстан не істейді? Ал Орталық Азияның басқа елдерімен не болады? Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы "Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚАНДАЙ ПРОВАЙДЕРЛЕР РЕСЕЙДІ ЖЕЛІДЕН АЖЫРАТТЫ?

Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін әлемге әйгілі брендтер мен ірі технологиялық компаниялар Ресеймен жұмыс істеуден бас тартты. Мәскеумен байланысын үзген компаниялар қатарына әлемдегі ең ірі магистральдық интернет провайдерлері Gogent және Lumen Tecnologies кіреді.

4 наурызда Ресейдегі тұтынушыларға жолдаған хатында Cogent ресейлік провайдерлердің жабдықтары жойылатынын ескертіп, оларды 30 күн ішінде алуға шақырды.

- Былайша айтқанда, Gogent ірі провайдері торапта тұрған ресейлік провайдерлерден өз кабельдерін алып тастады, және енді Cogent арқылы интернет өтпейтін болады», - дейді Internet Society Kazakhstan қоғамдық бірлестігінің директоры Талғат Нұрлыбаев.

Қазақстандағы ең ірі интернет-провайдер "Қазақтелеком" АҚ болып табылады (ол — "Алтел" және "Теле2" компанияларының жалғыз акционері, ол — "Кселл"акцияларының 51 пайызының иесі). Азаттық радиосына  компаниясында "Қазақтелеком" "түрлі елдердің бірқатар халықаралық провайдерлерімен, оның ішінде Ресей Федерациясымен интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттарға ие, бұл ретте тәуелсіз резервтік маршруттар пайдаланылады"деп хабарлады.

РЕСЕЙДЕГІ ИНТЕРНЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР? 

Қазақстан Интернетке Ресей арқылы, ал Ресей — Еуропадағы трафик алмасу нүктелері арқылы қосылған.

- «Қазақстандағы интернет-трафиктің кем дегенде 95 пайызы Ресей арқылы өтеді», - дейді Internet Society Kazakhstan қоғамдық бірлестігінің директоры Талғат Нұрлыбаев.

Қазақстандағы ең ірі интернет-провайдер – «Қазақтелеком» АҚ (ол сонымен қатар Altel және Tele2 компанияларының жалғыз акционері, сонымен қатар Kcell акцияларының 51 пайызының иесі).  Азаттықтың хабарлауынша, «Қазақтелекомның» интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша «әртүрлі елдердің бірқатар халықаралық провайдерлерімен, соның ішінде Ресей Федерациясымен келісім-шарттары бар, бұл ретте тәуелсіз резервтік маршруттар қолданылады».

АҚШ-тың Kentik желілік бақылау компаниясының интернет-талдау бөлімінің директоры Даг Мадори Қазақстанның интернеті толығымен Ресейге тәуелді, сондықтан «Ресей интернетіндегі кез келген өзгерістер Қазақстандағы байланысқа әсер етеді» дейді.

Оның айтуынша, еліміздегі ең ірі провайдер «Қазақтелеком» халықаралық өткізу қабілеттілігін немесе транзитті бес ресейлік компания – «Ростелеком», «Транстелеком», «МегаФон», VEON және China Mobile (Ресей) арқылы алады.

«Internet Society Kazakhstan» қоғамдық бірлестігінің директоры Талғат Нұрлыбаев та қазақстандық провайдерлердің ғаламдық интернетке Ресей арқылы қосылғанын айтады.

Талғат Нұрлыбаевтың мәлімдеуінше, YouTube, Facebook сияқты негізгі контент провайдерлері АҚШ-та, кейбір контент провайдерлері Еуропада орналасқан.

— Мен «Қазақтелеком» жаһандық трафик алмасу нүктелеріне қосылған деп айта алмаймын. Тиісінше, ол ресейлік провайдерлер немесе ресейлік трафик алмасу пункттері арқылы жұмыс істеуі керек. Ресейде трафикпен алмасу нүктелерінің жаһандық маңызы жоқ, бірақ ТМД үшін олар өңірлік мәнге ие, — дейді Нұрлыбаев.

Осыған байланысты «Ресей өзімен бірге Қазақстанды жаһандық интернеттен ажырата ма?» деген қисынды сұрақ туындайды.

"Қазақтелекомның" Азаттықтың сауалына берген жауабында, егер Ресей автономды Интернетке көшсе, бұл Қазақстандағы желіге қол жеткізуге әсер етпейді, өйткені біздің елге Интернет Еуропадағы терминация нүктесімен Ресей аумағы арқылы да транзитпен жеткізіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек, егер Ресей автономды Интернетке көшсе, Қазақстан Қытай арқылы жаһандық интернетке қосыла алатынын айтты. Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Асхат Оразбек Қазақстан Интернетке тек Ресей арқылы ғана емес, Қытай арқылы да қосылғанын хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропадан қанша трафик алса, Қытай арқылы да сонша трафик ала алады.

Дегенмен, сарапшылар интернетке Қытай арқылы қосылу Ресейден келетін трафикке балама бола алмайды және бұл жағдайда интернет жылдамдығы айтарлықтай төмендейді деп есептейді.

Егер Ресей жаһандық интернеттен ажыратылса, Орталық Азияның барлық елдері желіден тыс қалуы мүмкін.

Мадори Ресейдің жаһандық интернеттен оқшаулануы екіталай дейді, бірақ олай болса, "бұл бүкіл Орталық Азия үшін апат болады", - дейді.

Мадоридің айтуынша, егер Ресейдегі интернет-транзиттің негізгі провайдерлері жұмысын тоқтатса немесе Ресей жұмысын тоқтатса, Қазақстан да Ресей сияқты жаһандық интернеттен ажыратылады, - деді Мидори.

— Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Қазақстан арқылы әлемдік Интернетке қосылатындықтан, бұл елдер де жаһандық интернеттен ажыратылатын болады, - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер