БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ресейдің бөлшектенуін өз көзімізбен көреміз

4289
Adyrna.kz Telegram
Біз Ресейдің бөлініп кетуін көзімізбен көруіміз мүмкін. Ресей осы уақытқа дейін АҚШ пен Еуропа елдерінің сайлауларына сан рет кибер атака жасап, талай рет берекесін кетірген. Бұдан кейін бұл әрекеті де жайына қалайын деп тұр.
Ресейдің ақпараттық технологиялар саласындағы мамандары АҚШ пен Еуропаға теңіздей толқып, кетіп жатыр. Осыған дейін де Ресейде қаншама мамандар елден қашып кеткен. Олардың кейбірі АҚШ-қа барып, әлем деңгейінде жетіктікке жеткен.
Небәрі бір айдың ішінде экономикасы дефольтқа кеткен Ресей сырттағы мемлекеттік активтерінен айырылып қалды. НАТО елдерінің жоспарында Ресейдің сыртқы активтері соғыс тоқтағаннан кейін Украинаны қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалады деген жоспар бар. Ресейді соғыстан да ауыр бір жағдай күтіп тұр. Ол сыртқы қарызды қайтару мәселесі мен қабат-қабат бесінші разрядтағы санкциялар. Ресей сыртқы қарызын қайтара алмайды. Себебі, ішкі тоқырау, банктерінің бәрі санкцияға ілініп, SWIFT жүйесінен шығарылып, бас көтере алмай отыр.
Путиннің жалған амбициясы Ресейді тағдырын шешкелі тұр. Ресейдің бөлініп кетуін көзімізбен көруіміз мүмкін көп ұзамай.
Пікірлер