Мақтааралда тұрғындардың арызы бойынша жерасты суларының көтерілуімен күрес жалғасуда

2155
Adyrna.kz Telegram

24 наурыз «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облыстық филиалына Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент тұрғындарының тоқтаусыз жауын салдарынан жер асты суларының күрт көтеріліп, тұрғын үйлер мен аула, шаруа қожалықтарына едәуір зақым келгені жайында хабарласқан болатын. Тұрғындардың айтуы бойынша жергілікті атқарушы органдар халықтың шағымына құлақ аспағанына арызданған.

Аумақта жаңбыр төрт күнде 65 мм түсіп, ал жалпы 16 күнде 116,2 мм көлемінде жауған. Бұл айлық нормадан (норма- 51 мм) 2 есеге артық түсіп және егістік жерлерде сор шаю жұмыстарымен сәйкес келуіне байланысты Жетісай және Мақтаарал аудандарының  көшелері мен тұрғын үй аула аумақтарын су басқан.

Аталмыш жағдайға байланысты «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облыстық филиалы Төтенше жағдайлар Департаментіне хабарласып, жағдаймен танысып, тұрғындарға көмек жұмыстарын ұйымдастыруды өтінген болатын.

Жағдайдың күрделенуіне байланысты Департаменттің басшылық құрамы және облыстық басқа қала, аударынан қосымша күштер мен құралдар тартылды. Суды соруға барлығы 337 адам, 131 мотопомпа және 37 бірлік техника жұмылдырылды (ТЖД 82 адам, 49 мотопомпа, 12 техника, ЖАО 255 адам, 82 мотопомпа, 25 бірлік техника).

Су сору жұмыстары басталғалы бері 822 үйдің аула аумағынан 220 136 текше метр су сорылды және жұмыстар әлі де жалғасуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер