"Біздің өз ұлттық мүддеміз бар, Отанымызды қорғауға дайын болайық!" - Ерлан САИРОВ

14998
Adyrna.kz Telegram
"Қазақстан мемлекетінің өзінің ұлттық мүдделері бар. Әрбір азамат еліміздің қорғанысының сақшысы екендігін сезініп, Отанын қорғауға дайын болуы абзал". ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров өзінің Фейсбук парақшасында  Украинамен Ресей арасындағы соғысқа қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Қазақстан мемлекетінің өзінің ұлттық мүдделері бар. Мемлекет сыртқы экономикалық қарым- қатынастарын осы мүдделеріне сәйкес жүргізеді. Ұлттық мүдденің басты аспектісі халқымыздың әл- ауқаты және бейбіт өмірі. Бейбіт өмір үшін қолда бардың барлығын жасау керек. Біз бейбіт өмірді, көршілермен дұрыс қарым- қатынасты қалаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға барлық қадам жасау маңызды! Әрбір азамат еліміздің қорғанысының сақшысы екендігін сезініп, Отанын қорғауға дайын болуы абзал!", - деп жазды Мәжіліс депутаты.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер