Шымкентте көшелерге қазақ хандарының есімін беру ұсынылды

2313
Adyrna.kz Telegram
Фото:otyrar.kz
Фото:otyrar.kz

Шымкентте қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында депутат Нұрғазы Бұхарбаев қаланың маңызды және басты көшелеріне қазақтың ұлы хандары мен тарихи тұлғаларының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутат Ж.Адырбекова, Қ.Төлеметова сынды көшелердің атын өзгертуді ұсынды.

Оның айтуынша, Арғынбеков көшесіне Абылай хан, Домалақ ана немесе Қожа Ахмет Яссауи есімдерін беру әбден қисынды болар еді.

Бұған дейін мәслихат сессиясында депутат Нұрғазы Бұхарбаев түнгі уақытта жылдамдықты азайтуды ұсынған болатын. Бұл сұрақ қазір зерттелуде.

Ақпарат үшін, оңтүстік мегаполисте 2 мыңға жуық көше бар. Ұзындығы жөнінен Қазақстан қалалары арасында рекордты біздің көшелер ұстайды. Көшелердің жалпы ұзындығы 2100 шақырымнан асады.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер