Алматы облысы шатқалдарында жүк көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

3776
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы тау шатқалдарында жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеп. 

«9 сәуірде сағат 15.30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданы, Черкасай шатқалында «Газ-66» автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір 1990 жылы туған ер адам жарақат алды», - деп хабарлады.

Ведомствода хабарлағандай, қаза болған жүргізушінің денесін шығару үшін ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (бес қызметкер мен бір техника), еріктілер (10 адам мен екі техника) жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер