Ақтауда бір жыл бойы өлі жатқан әйел денесі табылды

4757
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы пәтерлердің бірінде әйел мәйіті бір жыл жатты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі inAktau сайтына сілтеме жасап.

4-ші шағын ауданның 20-шы үйінде пәтерлердің бірінде әйел адамның мәйіті табылды. Ол жерде мәйіт  бір жыл бойы жатқан.

Әйелдің көп көрінбей кеткенін және пәтерде шоттар жиналып қалғанын көршісі байқаған.

"Желді ауа-райында иіс сезіндім, бірақ жертөледен шыққан иіс деп ойладым. Сосын ол Ковид-19 толқыны кезінде қайтыс болуы мүмкін деген ой келді. Оның Ақтауда туыстары жоқ, менің білуімше, сондықтан да ешкім іздеп келмеген болу керек. Осындай жағдайларды БАҚ-тан оқыдым. Ол соңғы рет өткен жылдың наурыз айында пәтер ақысын төлегенін білдім. Нәтижесінде полиция қызметкерлері келіп пәтерді ашты, ал ол жатын бөлмеде төсекте жатыр екен. Мәйіт бір жылда ыдырап кеткен. Әлеуметтік желі арқылы туыстарын таптым, бүгін жерлеу рәсімі өтті», - деді көршісі.

Облыстық полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы сигнал ағымдағы жылдың 15 сәуірінде түскенін хабарлады.

"Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыру бойынша жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ПД.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер