Қазақстанға наурыз айында 17 мыңнан астам Ресей азаматтары көшіп келген

2259
Adyrna.kz Telegram

«2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды», деп мәлімдеді  ІІМ баспасөз қызметі.

Ресейліктердің ең көбі – 2463 адам Қызылорда облысына тұруға келген. Алматыға – 2116 адам, БҚО -1677 адам, Қостанай облысына – 1525 адам тұруға рұқсат алған.

ІІМ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі – 8217 адам қызмет бабы бойынша қоныс аударған. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш берілген.

Бұған дейін Ресейдің 170-ке жуық азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргені, әрі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған ресейліктердің саны көбейгені туралы айтылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер