Нұрмұханов: Мемлекеттің меншігіндегі жер халыққа тиесілі деп өзгертіліп отыр!

1970
Adyrna.kz Telegram
Фото: platon.asia
Фото: platon.asia

Жер ресурстары және пайдалы қазбалар халыққа тиесілі ме? Бұл сұраққа Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов жауап берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Ата заңның 6-бабына өзгерістер енгізіліп отыр. Бүгінде жер оның қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі және басқа да пайдалы қазбалар мемлекеттің меншігінде деп жазылған. Енді мемлекеттің меншігіндегі жер халыққа тиесілі деп өзгертіліп отыр. Бұл өзгерістің үлкен саяси-қоғамдық мәні бар. Осы құндылықтардың нақты иесі  кім екені көрсетіліп отыр. Осы бапта халықтың атынан әрекет ететін мемлекет өзінің сайланған Президент, Парламент және Үкімет арқылы жер қатынастарын реттейтін болады. Өздеріңізге мәлім, қазір Жер кодексі бар. Осыған орай қабылданып отырған шешім, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Оның айтуынша, заңға мұндай өзгеріс жасау кезінде халықаралық тәжірибе ескерілген.

Әрине, халықаралық тәжірибе ескерілді. Өздеріңіз білетіндей, былтыр ғана бұл мәселе ұзақ қаралды. Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға жерді меншігіне бермеу туралы бұрында шешім қабылданған болатын. Көптеген елдің Ата заңдарында осы жер табиғат байлықтары халықтың меншігінде деген ереже бар. Сол ескеріліп, ұсынылып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер