"Жын ойнақ орталығы болды": Әсет Сүлейменов Бейнеу ауданындағы лото клубтың ашылуына наразы

2919
Adyrna.kz Telegram
иллюстративті фото: ашық дереккөз
иллюстративті фото: ашық дереккөз

Бейнеулік белсенді Әсет Сүлейменов көпшілікке жазған үндеуінде өз ауданында қайта ашылғалы жатқан лоторея клубына қарсылығын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әсет мырзаның сөзіне сенсек, аталмыш орталыққа қайта жөндеу жұмыстары жасалып, шығын 26 млн-ға бағаланған. Ол соңына дейін қарсы шығып, жастардың санасын улайтын, ұлтқа зиян дүниелерден аулақ болу үшін барлығын жасаймын дейді.

"Ассалаумалейкум ағайын туыс бауырлар қалайсыңдар амансыңдарма ?
Естуім бойынша, Бейнеудегі лото тағы ашылайын деп жатыр деген сыбыс бар.
Ішіне ремонт жасап шығынды 26 млн ға бағалапты.
Мен оны төлемеймін сотталсам сотталам. Менің қорқып отырғаным сотталу емес менің қорқып отырғаным қайта ашылуында.
Бұның хозайны Алматыда тұрады екен тіпті ұлты қазақта емес екен.
Оның жаны сіра ашымайдығой қазаққа, "Сәтті Жұлдыз" деген ИП ма ТОО ма бірдеңе, естуімше ЗАҢДЫ дейді.
Облыс әкіміде заңды дегендей қылды.
Егер оны заңды десек,былай істесек қалай болар еді;
Мысалға: Мен Продуктовый магазин деп налогқа тіркеп магазин ашам, бірақ ішінде Наркотик или болмаса Қару жарақ сатам маған РҰҚСАТПА ? Сол әрекетім ЗАҢДЫ саналама ?
Бұларда солай істеп отыр.
Мен өртегенге дейін ЛОТО орналасқан адресі "Целевое назначениесі Мебельный магазин" болған. Ішіндегі компютердегі ойындар КЕНО, РУЛЕТКА, БИНГО заңсыз Қапшағайда рұқсатетілген, бұларды қандай құзырлы орган тексереді ?
Ішіндегі қыздардың кассир деген құжаты бар екеніне күманім бар. Одан қалса ішімдігі тегін Виски, Пиво, Арақ бір сөзбен айтқанда таза жын ойнақ орталығы болды. Менен хозайны кешірім сұра дейді, барлығын кешірем арыз жазбаймыз ущерб төлемейсің дейді.
МЕН ӨЛЕ ҚАЛСАМДА кешірім сұрамаймын жасаған затымды мойныммен көтеремін.
Қазақ елі!! Бауырларым!! Аға-інілерім бұйырса жақын арада сот болады
МЕН, АЛЛА КУӘ!!! СОТТАЛУДАН ЕМЕС ҚАЙТА АШЫЛУЫНАН ҚОРҚАМ.
ТАЛАЙ ЖАС БАЛАЛАР, ЖАС ОТБАСЫЛАР ЗИЯН ШЕГЕТІНЕН ҚОРҚАМ.
Жол бермеңдер ашылуына. Типа крышалар ақшаға сатылмандар ойланыңдар ауыл біздікі олар келеді кетеді ауылдың ақшасын жинап, ертеңгі күні сенімен мен қалам ауылда. Сосын ақыл айтудың қажеті жоқ бармасын қыртым жыртым бұл ауры қай бір ата-ана баласын осы АЗАРТҚА түссін деп қалайды.
Еліміз Аман Жұртымыз Тыныш Болсын" деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асет Сулейменов (@aset.suleimenov1985)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер