Депутаттарды жарнамалау үшін бюджеттен 42 млн теңге бөлінген

2348
Adyrna.kz Telegram

Алматыда мәслихат депутаттардың жұмысын әлеуметтік желідер мен БАҚ-та жариялау үшін бюджеттен 42 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл қаржыға депутаттардың сұхбаттары, қалай жұмыс жасап жатқандығы туралы ақпараттар, репортаждар дайындалады.

Алайда журналистердің бұл бағытта жазған дүниесі міндетті түрде депутаттардың қарауынан өтеді және барлық мәліметті депутаттар береді.

“Біріншіден депутаттардың берген ақпараты қаншалықты шындық екеніне көз жеткізе алмайсыз. Екіншіден бұл қала әкімдігі үшін өте қымбат сома. Мәселен, осы 42 миллион теңгеге 15 балалар ойнайтын алаң салуға немесе төрт қалалық мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Сонда ғана қай депутаттың қаншалықты жұмыс жасап жүргені белгілі болар еді”, – дейді protenge.kz арнасы.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер