Тасмағамбетовтың бірінші дұшпаны - іскерлігі - Бауыржан Ибрагимов

9894
Adyrna.kz Telegram

Бауыржан Ибрагимов Иманғали Тасмағамбетов жайлы маңызды шындықты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Бауыржан Ибрагимов Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

“Имекеңнің бірінші дұшпаны — іскерлігі. Қайда қойса да үлгі тұтатындай етіп жұмыс істейді. Әдейі көрінейін, мақтасын деп істемейді. Жаратылысы сондай. Жатпай-тұрмай жұмыс істейді, ал ондай адам көбіне ұнай бермейді”, — дейді Бауыржан Ибрагимов.

Актер Халық арасындағы Тасмағамбетовке деген ерекше ықылас, құрмет оның жолын байлады дейді.

Мысалы, "Болашақ президент осы ғой" деді. "Мынаны алып тастап, басқасын қою керек" деген сөз болған емес. Сол сөз жоғарыға басқаша жеткен шығар. Сосын одан абайлау керек деген әңгіме шығады. Дұшпандар Иманғалиға осылай кесірін тигізді деп ойлаймын, — дейді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер