Жамбылда 25 тонна қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

2568
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы тас жолда қарбызға толы жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 28 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде 25 тонна қарбыз Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында шашылып қалды.

«Жүргізуші жеңіл дене жарақатын алды. Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол жүрiсi ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік материал толтырылды»,– деп түсіндірді ведомство.

 

<

Пікірлер