Бүгін — мемлекеттік қызметшілер күні

2302
Adyrna.kz Telegram
Фото: ortalyq.kz
Фото: ortalyq.kz

Бұл мереке 2014 жылдан бері атап өтіледі. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды — Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.      

Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда  Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған.

2021 жылғы жағдай бойынша Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 96 910 болған.  Бұл шамамен әрбір 196 тұрғынға 1 мемлекеттік қызметшіден келеді деген сөз.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер