БҚО округ әкімі жол апатына түсіп, көз жұмды

1703
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

БҚО Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 23 маусым күні Жәнібек-Таловка жолының 25-ші шақырымында Тау ауылына жақын жерде болған.

"Ауыл әкімі рөлге ие бола алмай, көлігі шұңқырға аударылып кеткен. Ол көлікте жалғыз болған. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді, — делінген БҚО полиция департаменті хабарламасында.

34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен кішкентай төрт баласы қалды.

"Ауылдық округтердің үздік әкімдерінің бірі болды. Оның бойында жақсы қасиеттері көп еді. Бұл орны толмас қайғы. Кеше ғана ол Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған барлық шараларға қатысқан. Көңілді болатын, барлығымен әзілдесетін", — дейді әріптестері.

Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер