"Кетші шеше...": Қалдыбек Құрманәлі журналистің қойған сұрағына жауап бермеді

3814
Adyrna.kz Telegram

Композитор Қалдыбек Құрманәлі жруналист Аман Тасығанға берген сұхбатында келеңсіз деп таныған сұрағына жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист Аман Тасыған сұхбат барысында Қалдыбек мырзаға "Қазақстанның демократиялық партиясының" белсендісі Аружан Дүйсебаеваның арын сынап жазған постына қатысты сұрақ қойды.

"Мен оны танымаймын да" деді ол. "Танымасаңыз неге олай айтасыз" деген тілшінің сұрағын көтере алмаған Қалдыбек Құрманәлі балағат сөздер айтып, эфир мәдениетіне қайшы әрекеттер жасады.

Азаттық тілшісі Аружан Дүйсебайға қатысты "неткен жиіркенішті, бүгінде байдан қайтып келген де шығар" деген қыздың арына, намысына тиетін сөздер жазып, Жанболат Мамайды суға ағызып жіберемін деген Қалдыбек мырзаның жазбасы жұрттың шамына тиген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанболат Мамай (@mamayzhanbolat)

 

Пікірлер